Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ерке Есмахан той көйлегімен түскен отбасылық суреттерін көрсетті (фото)

Ерке Есмахан той көйлегімен түскен отбасылық суреттерін көрсетті (фото)
Инстаграмнан
Әнші: Отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасауда емес

Танымал әнші Ерке Есмахан той көйлегімен түскен суретті көпшілікке көрсетті. Жұрт олардың жарасымды жұп екендерін жарыса жазып жатыр. Қазақ эстрадасындағы хит әндердің орындаушысы  "Әлеміме сен келдің… Бізге тілеген тілектеріңізді Алла еселеп өздеріңізге қайтарсын" деп жазған.

Көпшілік қос әнші шаңырақ көтерген кезде жас айырмашылығына мән беріп, біраз сынаған еді.  Кейін "Өте жарасымды жұп екенсіздер", "Бақытты болыңыздар", "Тура кәріс киноларындағы жұптарға ұқсайсыздар" деп жарыса пікір білдірген.

Ерке Есмахан ұзатылуы кезінде де дүркіретіп той жасауға қарсы болған сияқты. Қарапайым, үйден ұзатылды. Үлкен тойды да жасамайтындарын айтқан еді.

"Адамның, отбасының бақытты болуы дүркіретіп той жасауда немесе мүлде той жасамай өқоюжа емес",-деген еді әнші.

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар