Басты жаңалықтар

Перғауын Рамзес қайтыс болғаннан кейін төлқұжатты қалай алды?

Кәсібі деген бағанға қайтыс болған патша деп жазылған

 

1974 жылы египтологтар перғауын Рамзестің мумиясы тез бұзылып жатқанын байқаған, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 

Оны дереу Францияға экспертиза үшін апару керек деген шешім шығады. Бірақ заңға сәйкес адам да, мәйіт те төлқұжатсыз әуе кемесі арқылы Францияға кіре алмайтын.

Сол үшін де мумияға заманауи Мысыр төлқұжатын жасатты, ал кәсібі деген бағанға қайтыс болған патша деп жазылған.