Әбдіжаппар Әлқожа "Саған да, оған да адалмын" деп бәйбішесіне ән арнап, басы дауға қалды (видео)
Әнші: Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер
Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожа бәйбішесіне ән арнаймын деп, әндегі мәтіннің мағынасы сынға ұшырады, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Әннің мәтініндегі:
- Жан әлемің әдемі, соған қарармын,
Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын.
Негізінде, мен саған, жаным адалмын,
Оған да адалмын, саған да адалмын", - деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.
Ол әннен үзіндіні желідегі парақшасына салып, "Бұл әнге бәйбішелеріңізбен билеңіздер" деп жазған.
Көпшілік әнге қатысты түрлі пікірлер жазған.
"Осы әншілердің келіншектерін сыйламауы жаман көрінеді. Байқұс үш бала туған әйелі біреудің еркелетіп өсірген қызы шығар"," Әзіл ән ғой, әуені көңілді екен, несіне мін іздейсіздер", "Өзі әдемі жігіт, қыздар өздері жабысатын шығар" деген сынды түрлі сын-пікірлер жазылған.