Арулар

Түркістанда 10 қызы, 1ұлы бар ана әкімге Атаулы Әлеуметтік Көмектен бас тартатынын айтты

11 баланың анасы мемлекеттен көмек алудан неге бас тартқанын түсіндірді

Түркістан облысындағы Біртілек ауылдық округі Аққорған елді мекенінің тұрғыны, көпбалалы ана атаулы әлеуметтік көмек алудан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

11 баласы бар батыр ана аймақтағы шенділерге егін егіп, өз кәсібін дөңгелетуге, ол үшін конкурс арқылы жер алуға деген ниеті барын жеткізді. 

Ал аймақ басшысы Дархан сатыбалды «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша батыр ананы  кооперативке мүше етіп кіргізіп, жергілікті әкімдік арқылы жерді пайдалануға беруге болатынын айтты.