Белгілі ғалым, Абайтанушы Омар Жәлелді би деп мойындаудан бас тартты
"Қазақ Билер Алқасы" онлайн жиында Омар Жәлелді Бас би деп мойындамайтындарын айтты.
"Қазақ Билер Алқасының" мүшелері Омар Жәлелді Бас би деп мойындаудан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
" Қазақ Билер Алқасы" 2023 жылы 31 шілдеде өткен онлайн жиында көпшілік дауыспен Омар Жәлел мырзаны Бас би лауазымынан жеке ұстанымдарына байланысты айырып, Бас би деп мойындаудан бас тартты" делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 2022 жылдың 17 қыркүйегінде Омар Жәлел қазақтың Бас биі болып сайланған еді. Құрылтай Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машат ауылындағы "Ақшолпы" деген демалыс орнында өткен.