Қазақстанда бала күтімімен отырған аналарға жасалатын төлем 1,5 жылға ұзартылды
Бұған дейін аналар бала бір жасқа толғанға дейін төлем алатын
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бала күтімі бойынша төлем ұзақтығы 1,5 жасқа дейін ұзартылды.
Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттен 107,2 мың жұмыс істемейтін ата-ана 20,9 млрд теңге сомасына жәрдемақы алды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 439,6 мың ата-ана 144,8 млрд теңге сомаға табысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.