Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Жахан мен Балжанның ажырасқаны рас па": Отарғалиевтің жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті

"Жахан мен Балжанның ажырасқаны рас па":  Отарғалиевтің жазбасы көпшіліктің қызу талқысына түсті
ашық дереккөзі
Жұлдызды жұп көпшілікке астарлап енді бірге емес екендіктерін білдірді

Актер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіде жазба жариялап, көпшіліктің қызу талқысына түсті. Желі қолданушылары актер мен жұбайы Балжан Бидаштың қарым-қатынасы жайлы түрлі болжам жасауда, деп жазады KYN.KZ тілшісі. 

Жахан Отарғалиев Instagram парақшасында жұбайы Балжан Бидашпен түскен видеоны жариялап, "Бәрі бітті" деп жазып қойды. Ал кейінірек актер анасымен түскен видеосын желіге жүктеп, "Рахмет, анашым", - деп жазба жариялады. 

Сонымен қатар жұлдызды жұп әлеуметтік желіде бір-бірін жазылушылар тізімінен шығарып, бірге түскен суреттері мен видеоларын парақшадан өшіріп тастаған. Желі қолданушылары Отарғалиевтің бұл жазбасын жарыса талқыға салды. Олардың бірі Жаханды алдағы уақытта жарыққа шығатын фильмі үшін хайп жасап жатыр десе, екіншілері Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжады. "Көп пікір жазбаушы едім. Бірақ, 7 қыркүйекте шығатын киноға бола осылай хайп жасап, "бәрі бітті" деп халықты алдап, ертең фильм біткен соң "қайта қосылдық" десеңіз, бұл дардай басыңызға, абыройыңызға сын", "Бірінші әйелімен ажырасқанда да анасымен контент жасап еді", "Бақытты ете алмайтыныңды білсең, бастамауың керек еді", "Сөз жоқ", "Балжансыз қызық емес болып кетті". 

"Балжан талантты жан. Құдай берген дарынын өшіруге болмайды", "Фильм үшін осылай жасап, не көрінді? Пиар қуған жігітке сенген қызға обал", "Екеуі ажырасқан жоқ. Ондай жамандық тілемеңдер", "Балжанды бағаламадың ғой", - деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, бұл жағдайға байланысты Балжан Бидаштың өзі ешқандай мәлімдеме жасамады. 

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар