Шәмші Қалдаяқов: Ешқашан дүниеге қызықпағанмын, қаласам баяғыда миллионер болатын адаммын (видео)
- автор kyn.kz
- 21 тамыз, 2023
- 5.8k
Шәмші Қалдаяққовтың кезінде дүние жинау, байлыққа қызығу туралы айтқан пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр.
"Менің үйімде сырмақ та жоқ, былайша айтқан кезде. Дүние жинаған адам емеспін. Дүние жинасам, мен баяғыда миллионер болып кететін адаммын. Тек біреуден алсам, біреуге берем".
Желі қолданушылары "ең бай адамсыз, мәңгілік біздің жадымыздасыз", "бұл кісінің дауысын есту бір ғанибет", "қазақтың біртуар азаматы", "рухани бай адам тоқ болады екенғой" деп композиторға жылы сөздерін айтып, пікірлерін жазған.
Шәмші Қалдаяқовтың әрбір әні ерекше туынды. Оның ішінде «Арыс жағасында», «Бақыт құшағында», «Сыр сұлуы», «Мойынқұмда», «Ана туралы жыр», «Кешікпей келем деп ең», «Ақ бантик»әндері көпшіліктің жүрегінен орын алған.
Композитор 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданында дүниеге келген. 61 жасында 1992 жылы 29 ақпанда өмірден өтті.