Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қырғыз президенті Садыр Жапаров қазақ ақынына жылқы тарту етті

Қырғыз президенті Садыр Жапаров қазақ ақынына жылқы тарту етті
Видеодан скриншот
Садыр Жапарова арнап сөз сөйлеп, екі халықтың достығын жырлаған Біржан Қалдыбаев арғымақ мінді.

Қырғызстан президентінің әкімшілігі 13 тамызда клубтар арасындағы көкбөріден әлем чемпионатының ашылуында президент Садыр Жапаров Бішкекте қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа сыйлық беретінін мәлімдеген, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Президент әкімшілігі Ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков Facebook желісінде жазғандай, қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа айғыр сыйға тартылды.

20 тамызда президенттің менеджері Қаныбек Түмонбаев Садыр Жапаровтың сыйлығын табыс етті.

13 тамызда Біржан Қалдыбаев Чолпон-Атада өткен көкбөрі бойынша әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, Садыр Жапаровқа арнап сөз сөйлеп, екі халықтың достығын жырлағаны белгілі болды.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар