Басты жаңалықтар

Имам жасөспірімдерге: Құдайдың парызының алдында әке-шешең демалады! (видео)

Түркістан облысында әкімнің айтуымен жасөспірімдер "хит имамнан" уағыз тыңдап біраз сұрақтың астында қалды

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы  Таукент ауылы  әкімнің  ұсынысымен кәмілет жасына толмағандар белгілі "хит имам" Жарқын Мырзатайдың уағызын тыңдауға барған.

 Әкім Маманов Серік ауылдастар чатына  имамның қашан келетінін, уағыз тыңдауға тұрғындардың келуі керектігін жазған.

"Сол жиында ауыл әкімі болды.Ақ жейдедегі сол кісі. Кәмілет жасына толмаған ер балдарды жинап, уағыз тыңдатты. Имам "Орамал тағу үшін, намаз оқу үшін ата-анадан рұқсат алмаса да болады" деді. Бұған дейін олар "Бірінші ата-ана разылығын алу керек" дейтін. Бұл деген баласын ата-анасына қарсы қою. Одан қалды әкім балаларды уағызға ертіп баруы қаншалықты заңды?",-деген Адырна порталына видео жолдаған тұрғын.