Ағзадағы судың жетіспеуі неге әкеліп соқтырады
Судың пайдасы мен жетіспеген жағдайдағы зардабы
Адам ағзасы үнемі суды қажет етеді. Кез келген витамин, микро және макроэлемент секілді судың да ағзада өз қалыпты мөлшері бар. Ол мөлшерге су жетпейтін болса, ағзада мәселе туындайды. Адам себепсіз әлсіреп, ештеңеге зауқы соқпай, тері түсі солғын тартады.
Судың ағзаға жетіспеушілігі қалай көрініс табады:
-Себепсіз шаршау;
-Бет ұшының қанталауы;
-Ашулану;
-Алаңдау;
-Көңіл-күйдің түсуі;
-Мазасыздық;
-Ентігу;
-Газдалған сусынға тәуелділік;
Адам ағзасының 65-70% судан тұрады. Сол үшін күнделікті салмаққа қарай су ішу денсаулық үшін өте пайдалы. Егер күнділікті мөлшерде суды ішпесе, адам ағзасы кешегі немесе алдыңғы күнгі суды өз жұмысына пайдаланады. Солай қолданылған су қайта пайдаланылады. Бұлай жалғаса берсе, адам денсаулығы сыр беруі мүмкін. Су жетіспеуі тек бүйрекке, болмаса миға емес барлық ағзаға тікелей әсер ететінін ұмытпайық.
Ағзаға су жеткілікті болса:
Тері тазарады;
Жүрек пен буын жұмысы жақсарады;
Иммунитет жоғарылайды;
Дене температурасы реттеледі;
Арықтау көмектеседі;