Жаңа туған нәрестелерді өлтірумен айналысқан медбике сотта адам шошырлық жауап айтты
Ол бір жыл ішінде 7 шақалақты өлтіріп, 6 нәрестені мүгедек қылып қойған
Британ соты жаңа туған бірнеше нәрестені өлтірді деп айыпталған медбикені елдегі ең қатаң сот жазасына кесті, деп жазды KYN.KZ тілшісі Euronews сілтеме жасап.
33 жастағы Люси Летби Англияның солтүстік-батысындағы аурухананың неонатальды бөлімшесінде медбике болып жұмыс істеген бір жыл ішінде жеті сәбиді, оның ішінде екі үшемді өлтіргені және тағы алты баланың өміріне қастандық жасамақ болғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
Өлтірілген және мүгедек болып қалған балалардың ата-анасымен кездеспес үшін Летби сот отырысына қатыспауға шешім қабылдады. Британ заңының рұқсатымен оның сотқа келмеуі жұртшылықтың ашуын туғызды. Көптеген саясаткер мен құқық қорғаушылар қылмыскерлерді жәбірленушілер мен олардың отбасыларымен кездесу үшін сотқа келуге мәжбүрлеу үшін заңға өзгерістер енгізуді талап етті.