Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Заңгер Айгүл Орынбек : Биліктің басында әлі де елге қауіп төндіретін ағымдағылар отыр

Заңгер Айгүл Орынбек : Биліктің басында  әлі де елге қауіп төндіретін ағымдағылар отыр
Инстаграм парашасынан алынды
Заңгер: Қазір сауысқандай сайрағандар ел басына күн туса бірінші қашады.

"Қазір әдемі сөйлеп, сауысқандай сайрағандар ел басына күн туғанда бірінші елден қашады",-дейді заңгер.

"Қанды қаңтардан кейін террористерге жақын жүретін төрт аяқтылар жан-жаққа таракандар сияқты қашып еді. Крышалары "елге қайта беруге болады" деді ме, әйтеуір көз жанарларын өзгертіп елге қайта келе бастады", - дейді заңгер.

Заңгердің сөзінше олар халықтың өздеріне деген көзқарасын өзгертіп, қазақты соңында жоқ қылуға тырысуда екенін алға тартты. 

Өз парақшасында қыркүйек келсе болды хиджаб мәселесін талдаймыз, қашан дамыған елдер сияқты берілетін білім мен тәрбие, мектепке бөлінетін қаржы, оқулықтардың сапасын ойламаймыз деп қынжылды. 

Оқырмандарын арзан дүниеге қызықпай, ешкімнің алдауына ермей, елдігімізді сақтап қалатын тақырыптарға зейін қоюға шақырды.

Желі оқырмандары : "Айгүл ханым, өзекті мәселені қозғап отырсыз", "қатты қорқайын дедім, халық болып өкіметтен осы мәселенің бір жақты етуді талап етуіміз керек", "Тазабековты соттаса көбісінің маскасы шешіледі", "Діннің атын жамылып, елді аздыратындар елден аластауы керек" деп өз пікірлерін білдірді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар