Басты жаңалықтар

Заңгер Айгүл Орынбек : Биліктің басында әлі де елге қауіп төндіретін ағымдағылар отыр

Заңгер: Қазір сауысқандай сайрағандар ел басына күн туса бірінші қашады.

"Қазір әдемі сөйлеп, сауысқандай сайрағандар ел басына күн туғанда бірінші елден қашады",-дейді заңгер.

Заңгердің сөзінше олар халықтың өздеріне деген көзқарасын өзгертіп, қазақты соңында жоқ қылуға тырысуда екенін алға тартты. 

Өз парақшасында қыркүйек келсе болды хиджаб мәселесін талдаймыз, қашан дамыған елдер сияқты берілетін білім мен тәрбие, мектепке бөлінетін қаржы, оқулықтардың сапасын ойламаймыз деп қынжылды. 

Оқырмандарын арзан дүниеге қызықпай, ешкімнің алдауына ермей, елдігімізді сақтап қалатын тақырыптарға зейін қоюға шақырды.

Желі оқырмандары : "Айгүл ханым, өзекті мәселені қозғап отырсыз", "қатты қорқайын дедім, халық болып өкіметтен осы мәселенің бір жақты етуді талап етуіміз керек", "Тазабековты соттаса көбісінің маскасы шешіледі", "Діннің атын жамылып, елді аздыратындар елден аластауы керек" деп өз пікірлерін білдірді.