Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада жастарға 2,5 пайызбен 5 млн-ға дейін несие беріледі

Астанада жастарға 2,5 пайызбен 5 млн-ға дейін несие беріледі
Sputnik / Владислав Воднев
Жоғарғы сынып оқушылары мен студенттерге бос уақытта істеп, ақша табатын жұмыстар ұсынылды

 Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің директоры Олжас Омар мәлім етті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі 

ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Бізде жастарға арналған несие бағдарламасы бар. 35 жасқа дейінгі азаматтар 5 жылға дейін 2,5 пайызбен 5 млн теңге несие ала алады», - деді Олжас Омар қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спикер ақылы қоғамдық жұмыстары туралы айтты.

"Жұмыссыздарда, студенттерде және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына оқудан бос уақытында ақылы қоғамдық жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Жастар 35 АЕК мөлшерінде тұрақты жалақы алып, бір жыл бойы жұмыс істей алады. Бағдарламаның арқасында 2000-нан астам адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыз және жұмыс іздеп жүрген азаматтар enbek.kz электрондық еңбек биржасына тіркеле алады, egov.kz порталында немесе Бейбітшілік көшесі 9 мекенжайына тікелей келіп білуге болады", - дейді ол.

і.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар