Қоғам

Алдағы күндері ауа райы күрт суытады

Жел соғып, жауын жауып, найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ борайды

Алдағы уақытта күн күрт суытады, деп хабарлайды Қазгидромет. Синоптиктер 24-26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі

"Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, қатты жел соғады, жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал", - деп хабарлайды синоптиктер.

 

Елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Әсіресе Солтүстік Қазақстанда түнгі уақытта ауа температурасы небәрі 7-12, күндіз 17-22 градусқа дейін жылы болады.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы айтарлықтай өзгермейді. Синоптиктер бұл аймақтарда негізінен жауын-шашынсыз болады деген болжам жасады.

Ірі қалалардағы ауа райы

Астанада 24 тамызда көшпелі бұлт болады, күндіз 26-28, түнде 17-19 градус жылы болады.

25 тамызда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10+12С, күндіз +21+23С көрсетеді.

Алматыда 24 тамызда өткінші жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +18+20С, күндіз +32+34С ыстық болады.

Ал 25 тамызда Алматыда күн ашық, жаңбыр жаумайды. Ауа температурасы түнде +18+20С, кұндіз +33+35С көрсетеді.

Шымкентте 24 тамызда кұн ашық болады. Түнде +20+22, күндіз +35+37 градус ыстық болады.

24 тамызда да күн ашық болады. Түнде +19+21, ал күндіз +32+34 градус ыстық.