Атыраудағы Кенбайда жалғыз оқушы үшін бір мектеп жұмыс істеп тұр
3-сынып оқушысын оқыту үшін 20 маман жұмыс істеп жатыр
Атырау облысына қарасты Кенбай ауылындағы білім мекемесі жалғыз оқушыға бола жұмыс істеп тұр деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі, KTK арнасына сілтеме жасап.
Бала үшінші сыныпқа өткелі жатыр. Жалғыз бала үшін жұмыс істеп тұрған мектепте жалпы мамандар саны 20. Бала санының аздығына байланысты мектепті жабамыз депті. Тұрғындары білім мекемесі болмаса ауылымыз құриды деп алаңдап отыр.
Бір елді мекеннің білім ошағы болған бұл мектептің жабылуына Кенбайлықтар қарсы. Билік бұл ауылға көңіл бөлуі керек дейді.
Өсіп келе жатқан балаларын қалаға оқыта алмайтындарын ашық айтуда.
Еске сала кетейік, осыдан 3 жыл бұрын мектептің жөндеу жұмысына 40 миллион теңге жұмсалынған. Ал, газ құбырын жүргізуге 2 млрд теңге бөлінген. Ауыл тұрғындары жан-жаққа тарап кетуден қорқады. Білім басқармасы бір бала үшін бір мектептің жұмыс жасатудың тиімсіз екенін айтуда.