Мәдениет
Динара Қырықбаева: балаларым әкесіз өсіп жатыр, әкенің жоқтығы білінеді
- автор kyn.kz
- 24 тамыз, 2023
- 2.9k
Динара оқырмандарының жеке өмірі жайлы сұрағына жауап берді.
Әнші Динара Қырықбаева өзіне екінші рет күйеуге шығу жайлы сұрақтардың жиі қойылатынын айтты.
“Шынымды айтсам, өз адамымды кездестірмедім. Асығыс, “тұрмысқа шығу керек” деген оймен отбасы құрғым келмейді. Тұрмыста болдым, ненің, қалай болатынын білемін. Балаларым бар. Кейде ұйықтар алдында “балаларым әкесіз өсіп жатыр, әкенің жоқтығы білінеді” деген ойлар мазалайды. Бір жағынан, ештеңе өзгерте алмайсың. Менің болашағым алда, өз адамымды кездестіремін деп ойлаймын”,-деді Динара Қырықбаева.
Әлеуметтік желіде белсенді өнер иесінің инстаграм парақшасында 1,4 млн оқырманы бар. Күнделікті түрлі көңілді контент түсіріп өзін блогерлік қырынан көрсетіп жүрген Динара Қырықбаева оқырмандарының сүйіктісі.