Басты жаңалықтар

Петропавлда көшедегі бос ағаш табыт тұрғындарды шошытты

Мәйітхана қызметкерлері табыттың көзін жою үшін сыртқа шығарып тастаған

Петропавл қаласындағы көшелердің бірінен бос ағаш табыт табылды. Оның суреті желіде лезде тараған, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Тәртіп сақшылары Жукова көшесі, 17 үй мекенжайында орналасқан Қызылжар қалалық мешіті жанындағы мәйітхана қызметкерлері табытты жою үшін сыртқа шығарып тастаған анықтаған.

"Қазіргі уақытта табыс қайтадан ғимарат ішіне кіргізілді", – деп хабарлайды СҚО ПД баспасөз қызметі.