Денсаулық

Есте сақтау қабілетін жақсартатын сусындар белгілі болды

Шырындарды ішу арқылы есте сақтауды жақсартуға болады.

Қазір қоғам дамуы жылдам болып жатқан соң шамадан көп ақпаратты алу, кейде қажетсіз дүниелерді білу есте сақтауды нашарлауына алып келеді. 

Күнделікті өмірде есте сақтау қабілетінің нашарлауы кілтті қайда қойғанын білмеу, айтқан сөзін ұмыту, бұрын жаттағанын есінде сақтай алмау, жаңа ғана істеген ісін ұмыту секілді әрекеттермен көрініс табады. 

Бұрын қарттарда көп кездесетін есте сақтау қабілетінің нашарлығы, қазір жастар арасында да кездесуде. 

Соған байланысты есте сақтау қабілетін жақсартуға мына сусындарды ішуді ұсынамыз:

Күніне 3 рет 1/3 қияр сусынын ішу, есте сақтау қабілетін жақсартады. 

Жарты стақан қияр мен қызанақты араластырып, 1 кішкентай қасық сарымсақты қосып 1 ай бойы ішсеңіз, есте сақтау қабілетіңіздің жоғарылағанын байқайсыз.

Бір стақанға грейпфрут пен алма шырынын араластырып ішу  есте жақсы сақтауға оң әсерін береді.

Күнделікті таңертең және кешке қаражидектің шырынын ішер болсаңыз, есте сақтау ғана емес, ми жұмысы да жақсарады.

 

Сіз кеңесті орындау арқылы өз ағзаңызға пайдалы шырындарды ішіп қана қоймай, есте сақтау қабілетін де жақсартасыз.