Қоғам

Зейнеп Ахметова : Айқайлап, отырса опақ, тұрса сопақ қылып келінді ұстау үйдің берекесін алады

Зейнеп Ахметова енеде парасат, ақыл болу керек .

Зейнеп Ахметованың jibek joly tv  арнасындағы сұхбаты көпшіліктің көңілінен шықты.  Қазіргі кездегі өте маңызды тақырып  ене мен келін қарым-қатынасына байланысты бұл сөздері оқырманның назарын аударды.

 

 

Желі оқырмандары: "апамыз жақсы айтты, осындай дана апаларымыз көп болсын", "дұрыс айтасыз , жас түскен келінге анасындай құрмет қамқорлық көрсетудің соңы үлкен сыйластыққа ұшырайды", "осындай парасатты ақылыңызды көп айтып тұрыңыз" - деп пікірлерін білдірді. 

 

Бұған дейінде Зейнеп Ахметованың түрлі тақырыптағы парасатты, ойлы әңгіме-сұхбаттары халық көңілінен шығып отырған.