Басты жаңалықтар

"Мектепке жол" қаржылай көмекті кім және қалай алады

Мектепке жол аясындағы қаржылай көмек кімдерге берілетіні жарияланды

Ақшалай көмек ата-ана қамқорлығынан айырылғандарға, жетім балаларға, АЭК алатын, жан басына шаққанда табысы ең төменгі күн көрім деңгейін аз, әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасыларға беріледі.

Үкімет есебі бойынша қазір мұндай 450 мың оқушы бар. Оларды мектепке қажетті заттармен қамтамасыз ету үшін 18 млрд, 700млн тенге бөлінген. Қаражат оқушының ата-анасының жеке шотына түседі. Қазіргі таңда 200 мың оқушыға ақша аударылды. Қалғаны тамыз айының соңына дейін аударылуы тиіс.