Басты жаңалықтар

"Марқұмның киімінен бірнеше адамның шәуеті табылған": сарбаз Бекбол Мираштың ісінде командирге сот үкімі оқылды

Адвокат Пірәлиев өз қорғауындағы азаматты аман алып қалу үшін адам айтса нанғысыз фактілерді жария етті

Шымкенттегі  арнайы әскери сотта былтыр жазда өзіне қол жұмсап мерт болды делінген Бекбол Мираштың ісі бойынша командирге үкім оқылды, деп жазды KYN.KZ тілшісі. 18 жастағы Бекбол Мираш "Шөлдала" шекара бекетінде әскери борышын өтеп жүрген болатын.

Қылмыстық істе басты айыпталушы болған аға сержант Айбек Нұртай «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша ақталды. Алайда «қызметін асыра пайдаланды» және «ақшаны қорқытып алды» бабымен кінәлі деп танылды. Сот шешімімен ол 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. 

Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Піралиев  бұл істе өз қорғауындағы азаматтың еш кінәсі жоғын дәлелдеу мақсатында, Бекбол Мирашқа жасалған қатыгездіктің бетін ашқан еді. Адвокат медициналық сараптаманы арнайы жасатып, марқұмның ауыз қуысы мен жейдесінде екі одан да көп ер адамның биалогиялық материалы яғни шәуетн (сперма) анықтаған еді.