Басты жаңалықтар

Конституция күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады

Конституция күні- мемлекеттік мереке

Қазақстандықтар 30 тамызда Конституция күнін атап өтеді. Бұл күн - мемлекеттік мереке. KYN.KZ  тілшісі мерекеге орай қазақстандықтар неше күн демалатынын хабарлайды.

"Электрондық үкіметтің" ресми сайтындағы күнтізбеге сәйкес, 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні биыл сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Осы орайда мерекенің құрметіне қазақстандықтар 1 күн демалады.

Мереке күні жұмыс күніне тұспа-тұс келіп тұрғындақтан, бұл жолы жұмыс күндері мен демалыс күндерінің ауысуы жоспарланып отырған жоқ. "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады.