Қоғам

Атырауда күдікті ағым жетегіндегі ер адам бұрынғы әйелін сабап, күштеп көлікпен әкетіп жатқан жерінен ұсталды

Әйелдің таяқталғанын, күйеуі сүйреп көлікке салғанын көрген көршілері полицияға хабар берген

Атырауда деструктивті діни ағым өкілі полиция қызметкеріне қарсылық көрсетіп, бұрынғы әйелін ұрған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оқиға жайлы куәгерлер 102-ге хабар берген. 

 

Заңға сәйкес, бұрынғы әйелін ұрып-соққан азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 73-2 бабымен кінәлі деп табылды. 

Айта кетейік, бұл ер адам бұған дейін 4 мәрте осындай әрекет жасаған. Бұдан былай полицияның бақылауында болатыны хабарланды.