Басты жаңалықтар

Алтын орда базарында саудагерлерден 1 орынға 7 млн сұрап жатыр

Саудагерлер өз жұмысын алаңдауда

 

 

Алматы қаласындағы "Алтын орда" базарында шу шықты деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі  KTK арнасына сілтеме жасап.

Саудагерлер жиналып өз жұмыс орындарынан айырылғысы келмейтінін, әрбір орынға 7 млн беруді шарт қылып отырғанын айтып өз наразылықтарын білдіруде.

КТК арнасының мәліметінше, Алтын орда базар басшылары саудагерлердің заңсыз орында сауда жасап жатқанын, 3 метр бері жылжытатынынан хабар береді. 

Базардың кіре берісіндегі кішкентай шатырларымен сауда жасап тұрғандар саны 30. Саудагерлер 7 млн тенге төлемесе орынын босату керек екенін естіп, алаң болуда. 

Саудагерлердің сауалына базар басшысының орынбасары жауап берді. Ол заңға сәйкес 3 метр бері жылжытып, жаңа орын ұсынатынын айтқан.