Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 60 мыңға жуық бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады

Алматыда 60 мыңға жуық бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады
Ашық дереккөзі
Ерболат Досаев: жергілікті бюджеттен 16,2 млрд тг бөлінді

Damu bala бағдарламасы аясында 60 мың алматылық бала үйірмелер мен секцияларға тегін қатыса алады. Бұл туралы ұстаздардың тамыз кеңесінде Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Damu bala бағдарламасына жергілікті бюджеттен 16,2 млрд теңге бөлінген.

"Жалпы қабылданған шаралардың арқасында 2025 жылдың соңына дейін тегін қосымша білім берумен қамту өсімі 25%-ға дейін ұлғаяды. Тегін үйірмелерге баратын балалар саны 60 мыңға жетеді", -

деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар тамыз кеңесінде Қазақстанның мектеп оқушылары жаңа оқу жылында 25 мамырға дейін оқитыны белгілі болды.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар