Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Әлиғазы Төртқара Ресейдегі "Алтын адам" атанған қазақ жайлы тың деректермен бөлісті (видео)

Әнші Әлиғазы Төртқара Ресейдегі "Алтын адам" атанған қазақ жайлы тың деректермен бөлісті (видео)
Әлиғазы Төртқараның жеке мұрағатынан
Әнші Совет ақсақалдың ел білмейтін құпияларын ашты

Ақтөбелік әнші  Әлиғазы Төртқара жақында Ресейдегі қазақтардан шақырту алып, тойға барып қайтты. Ол жақта киіну стилі ерекше Совет есімді қазақ ақсақалының шақыртуымен барған. Сөзінше Совет ақсақал Ресейдегі қазақтар тұрмақ жергілікті халықтың өзіне өте сыйлы екен. Оның алтын бұйымды жақсы көретініне қарап  сол өңірдегілер "Алтын адам" деп кетіпті. Әншінің сөзінше ол тек стилімен емес ерекше ашық мінезі, елге қамқорлығы, дәулеттілігі мен елге мейірімін төгіп тұратын ашықтығымен жергілікті жұртқа сүйкімді екен.

"Мен Тик-Ток арқылы Совет аға өлеңдерімді тыңдап жүреді екен. Қыздары хабарласып шақырды. Ол кісіні аға, батя деймін. Ресейдің  Орск қаласында тұрады. Ресейге беделді, абыройлы, сол жақтағы қазақтарға көмектесіп жүреді ол кісі. Бізді шақырды, барғанымызда құшақ жайып қарсы алды. Балалары, немерелері қазақылықты сақтаған адамдар. Стилі ерекше. Қолының бәрі толы алтын. Ресейде оны Алтын адам деп таниды. Өте көңілді, биді де қатырады. Менің әндерімді сүйіп тыңдайды екен",-дейді әнші.

Видео сұхбат:

 

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар