Басты жаңалықтар

АҚШ-та тұрып Данияр Елеусінов еліміздегі спорт мектебінен еңбекақы алып келген

Астана қалалық Спорт басқармасы Данияр Елеусіновтің 2021 жылдан бері жаттықтырушы лауазымында жұмыс істейтінін растады.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып келген, деп жазды KYN.KZ тілшісі  КТК арнасына сілтеме жасап.

Данияр Елеусінов бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрады. Оған – күн сайын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктейтін фотосуреттерінен байқауға болады.  Осы ретте, спортшының балаларды қай уақытта жаттықтырып жүргенін көпшілік түсінбей дал. Астана қалалық Спорт басқармасы Данияр Елеусіновтің 2021 жылдан бері жаттықтырушы лауазымында жұмыс істейтінін растады.

Данияр Елеусіновтің өзі спорт мектебіндегі жұмысына былтыр, яғни жаңа жылдың алдында келген екен.

Даниярдың әріптестерінің қатарында Валентина Хальзова, Марина Вольнова сынды Олимпиада жүлдегерлері де бар. Олар да аталған спорт мектебінде жаттықтырушы боп қызмет атқарған. Қазір олардың бірі декрет демалысында, өзгесі еңбек демалысына шығып кеткен.