БАҚ: Пригожин ұшағының бортында қаза тапқан стюардесса Қазақстанның тумасы болып шықты
- автор kyn.kz
- 27 тамыз, 2023
- 2.1k
Апат кезінде "Вагнер" ЖӘК басшысы Евгений Пригожиннің ұшағында болған стюардесса Кристина Распопова Қазақстанның тумасы болып шықты, деп хабарлайды 74.RU. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Кристина Распопова (Ядревская) мен оның ағасы Евгений Қазақстанда туған. Кәмелетке толған соң ол Мәскеуге кеткен.
Кристина Распопованың ағасы Евгений да кейін Қазақстаннан Челябі қаласына оқуға кеткен. Распопоой есімді туысқанына сілтеме жасаған РБК-ның Telegram-дағы арнасының мәліметінше, оның Евгений Пригожинмен ешқандай байланысы жоқ деп жазады.
"Кристина жеке ұшақтарда стюардесса болған, оның Пригожинмен ешқандай байланысы жоқ. Кез келген адам жеке ұшақты жалдай алады, онда әуе компаниясымен келісім ғана болған. Ұшақты кез келген адам жалдай алғандықтан, ұшақта кімнің ұшатынына оның ешқандай қатысы жоқ,"- деді марқұмның туысы.
Сондай-ақ, тусының айтуынша, Распопова Мәскеуде тұрған, бірақ кейінірек Санкт-Петербургке көшіп кеткен, өйткені "ол тіркелген әуе компаниясы сонда орналасқан". Ұшақ апатының алдында Кристина Распопова әлеуметтік желілерде әуежайда таңғы ас ішіп отырған суретін жариялаған еді. Еске сала кетейік, 23 тамызда кешкісін Ресейдің Тверь облысында Мәскеуден Санкт-Петербургке бағыт алған жекеменшік Embraer Legacy ұшағы құлаған болатын. Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ бортында 10 адам болған.
Оның үшеуі экипаж мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша 10 адамның барлығы да көз жұмған. Бейсенбіге қараған түні Росавиация ұшақ апатынан қаза болған адамдардың тізімін жариялады. Оның ішінде Евгений Пригожиннің де есімі бар. Бұл ретте "BBC-дің Орыс қызметінің" жазуынша, апат кезінде Евгений Пригожиннің қаза болғанын бірнеше БАҚ хабарлаған.
Дереккөзі:kaz.nur.kz