Басты жаңалықтар

«Қазақтелеком» басшылары бір жылда 420 млн теңгеден астам сыйақы алған

Журналист: 2021 жылы басқарманың 9 мүшесі 500,4 миллион теңгені өзара сыйақы ретінде бөлісіп алған

Журналист Кирилл Павлов әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақтелеком» АҚ басшыларының қанша сыйақы алатыны туралы ақпарат жариялады.

«Жақсы өмір сүруге тыйым сала алмаймыз», - деп жазған журналист Қуанышбек Есекеев бастаған директорлардың жүздеген миллион сыйақы алғанын жазды. 

2022 жылы басқарманың төрт мүшесі – Қуанышбек Есекеев, Людмила Атамуратова, Берік Битабаров және Нұрлан Мейірманов барлығы 422 млн 105 мың теңге сыйақы алған. Егер адам басына теңдей бөлсе 105,53 миллион теңгеден келеді.

Ал, 2021 жылы басқарманың 9 мүшесі 500,4 миллион теңгені өзара сыйақы ретінде бөлісіп алған.