Басты жаңалықтар

Резидентурада гранттар саны 70% көбейді

Грант саны көп бөлінген мамандықтар белгілі болды.

Резидентурада білім алу мүмкіндігі артып, гранттар саны 1500-ден 2500-ге дейін артты деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында үш жыл ішінде резидентурада оқуға берілетін гранттардың жыл сайынғы саны 70 пайызға артатынын айтқан болатын", - деп жазылған хабарламада.

Мамандар  ЖОО - дан кейінгі медициналық білім берудің 47 бағыты бойынша оқуын жалғастыра алады. Грант саны көп бөлінген негізгі мамандықтар:

Акушерлік және гинекология; Анестезиология және реаниматология; Неонатология; Терапия; Жалпы хирургия; Неврология; Психиатрия; Оториноларингология; Кардиология; Офтальмология; Жұқпалы аурулар; Травматология-ортопедия; Эндокринология.