Қазақстандықтар шенеуніктердің жалақысын 85 мың теңгеге дейін төмендету туралы петицияға қол қойып жатыр
Петицияға 254 адам қарсы
Қазақстандағы шенеуніктердің жалақысын 85 мың теңгеге дейін төмендетуге 44 мыңнан астам қазақстандық дауыс берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
Алты күн ішінде петицияға 44 968-ден астам адам қол қойды, онда былай деп жазылған:
Одан әрі автор шенеуніктерге үнемделген қаржыны не нәрсеге жұмсауға болатынын нақтылайды. Бір қызығы, петицияға 254 адам ғана қарсы.
Жақында журналистер Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан 80 мың теңгеге қалай өмір сүруге болатынын сұраған болатын.
деді министр.
Осыған дейін қазақстандық блогер Глеб Пономарев ең төменгі жалақымен бір ай өмір сүруге тырысқанын, соңында денсаулығына қатысты мәселеге тап болып, психотерапевтке жүгінуге тура келгендігін жазды.
Блогер 70 мың теңгемен бір ай өмір сүрмек болған эксперимент екі аптаға да жетпей, ақшасы 13-күні таусылғанын айтты.