Қоғам

Журналист мектептегі орамалды талап еткен Талғат Рысқұлбеков туралы тың ақпаратпен бөлісті (фото)

Гүлмира Әбіқай: Бұл мына түрімен екінші 86-ны бастайды

Әлеуметтік желіге "Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, ИншаАллах Шешенстанға көшемін" деген Талғат Рысқұлбековтың мәлімдемесін белгілі журналист Гүлмира Абыкай  күннің жаңалығы деп өз парақшасында бөлісті. 


Журналист Талғаттың анасымен бірге Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне барғанын еске алды. Талғат Рысқұлбековтың білімді, сөзінің өтімді болғанын, талай шендінің одан аяқ тартатқанын жеткізген журналист  бұл мәлімдемені көңілі толмайтынын білдірді.

Еске сала кетейік, Талғат Рысқұлбековтың талабы айтылған видеоны  жариялаған едік.