Вандал атанып, балғамен қашап жазу жазған шенеулік кешірім сұрады
Шатқалға есімін қашап жазған адам табылды
Ыбықты сайда вандал атанып, балғамен жазу жазған ақтөбелік шенеунік Манас Көшербаев кешірім сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
Бірнеше күндері бұрын шатқалға құрылыс заттарымен есімін қашап жазып жатқан ер адамның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған еді. Желі оқырмандары бұл істі дұрыс көрмей, ашуланып, кім екенін полиция қызметкерлері іздеген .
Бұған дейін де Маңғыстау облысында шатқалға есімін қашап жазған вандалдың Ақтөбенің мәдениет қызметкері болғаны анықталған еді.