Ақтөбе облысында қылмыс атаулы атымен жоқ 14 ауыл бар
Бұзақылықтың өзі жоқ болғандықтан тұрғындар үйлерін күні-түні кілттемей де жүребереді екен
Ақтөбе облысында қылмыс атаулы атымен жоқ 14 ауыл бар. Солардың бірі - Хромтау ауданындағы Тассай ауылы, деп жазды KYN.KZ тілшісі Астана арнасына сілтеме жасап.
Хромтау ауданындағы бұл Тассай ауылы ең қауіпсіз ауыл саналады. Елдімекенде жылдар бойы бірде бір қылмыс болмаған. Тіпті ұсақ ұрлықтың өзі тіркелмеген. Сондықтан тұрғындар күндіз де, түнде де есікті кілттемейді.
Ескендір РАҚЫМЖАН, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Гүлфая ҚОНЫСБАЙҚЫЗЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Десе де ауыл учаскелік инспекторының жұмысы жетерлік. Ол таң атқаннан кешке дейін ауылды аралап, заң бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді.
Райымбек ОҢҒАРБАЕВ, ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ:
Ауылдың төрт бұрышына төрт бейнебақылау камерасы орнатылған. Оны әкім мен учаскелік инспектор ұялы телефондары арқылы бақылап отырады. Ауылда қылмыс болмауына ол да өз септігін тигізіп отыр.
Ербол ӘБДІРОВ, ТАССАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:
Тассайда қылмыс қана емес, жұмыссыздық та атымен жоқ. Ауыл халқы жергілікті шаруа қожалықтарында толықтай еңбекпен қамтылған.