Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Ләйлә Сұлтанқызы: Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым (видео)

Ләйлә Сұлтанқызы: Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым (видео)
Инстаграм парақшасынан алынды
Ләйла Сұлтанқызы жолдасының 1 жылдық асын берді

Атақты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірден өткен жұбайының жылдық асын берді деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған жеріне барып, жылдық асын бергенін жеткізді. 

Жылдық аспен бірге сол ауылдағы ағайын-туыстарының жағдайын сұрағанын айтқан Ләйлә Сұлтанқызы, ауылындағы кітапхананың ашылуына соға кеткен.

"Уақыт деген жүйрік қой. Екі айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе, қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Зымыраған жүйрік уақыт десеңші. Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар мен ауылдастар құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда",-дейді тележүргізуші. 

 

"Берілген ас, құран қабыл болсын", "Жаны жәннәтта болсын", "ниетіңіз қабыл болсын" деп оқырмандары өз пікірлерін білдіруде.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар