Ләйлә Сұлтанқызы: Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым (видео)
Ләйла Сұлтанқызы жолдасының 1 жылдық асын берді
Атақты тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өмірден өткен жұбайының жылдық асын берді деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желіде тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің туған жеріне барып, жылдық асын бергенін жеткізді.
Жылдық аспен бірге сол ауылдағы ағайын-туыстарының жағдайын сұрағанын айтқан Ләйлә Сұлтанқызы, ауылындағы кітапхананың ашылуына соға кеткен.
"Берілген ас, құран қабыл болсын", "Жаны жәннәтта болсын", "ниетіңіз қабыл болсын" деп оқырмандары өз пікірлерін білдіруде.