Басты жаңалықтар

"Жануар сияқты ұлыған": Павлодарда 6 жасар балаға шабуыл жасаған жалаңаш қыз ұсталды

Павлодар қаласының 19 жасар тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Әлеуметтік желіде қала тұрғындарының бірі Затон шағын ауданында болған оқиғаға қатысты  мәлімет жариялады, деп жазды KYN.KZ тілшісі  Pavlodarnews.kz  сілтеме жасап. 

«Кеше, 27 тамызда психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар, сақ болыңыздар», – делінген жазбада.

Анасы баласның қорқып қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды. 

Бұл жағдайға  қатысты облыстық Полиция департаменті мәлімдеме жасады.

«Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды», – делінген хабарламада.