Қызылордада 10 жыл бұрын шетінеген сәбиге лагерьге жолдама берген
Шетінеген балаға лагерьге жолдама берген мектеп директоры сөгіс алды
Жаңылысып Қызылорда облысында осыдан 10 жыл бұрын шетінеген сәбиге мектеп қасындағы лагерьге жолдама берілген деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Оқиға Аралдағы мектепте орын алған. Осы оқиғаға жауапты мектеп директоры мен тиісті маман сөгіс алды.
Зерттеу нәтижесінде Бейбарыс Дәренұлының өтініші мақұлданбаған. Демалушының қатарында жоқ екені анықталды. Осы іске байланысты жауапты мамандар жазаланатынын да айта кетті.