Басты жаңалықтар

Көпшілікке вандал ретінде танылған ақтөбелік шенеунік қызметінен кетті

Манас Көшербаев өз әрекеті үшін халықтан көзіне жас ала тұрып кешірім сұраған еді

Вандалдық әрекетімен танымал болған Ақтөбедегі зағиптарға арналған мәдениет үйінің басшысы өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды, КYN.KZ  тілшісі.

Бұл жөнінде Ақтөбе облыстық әкімдігі хабарлады.

 Бұған дейін ыбықты шатқалына есімін құрлыс құралдарымен қашап жазып жатқан жерінен ұсталған шенеунік елден осы әрекеті үшін кешірім сұраған еді. Көпшілік  "мәдениет үйінің  басшысы осында мәдениетсіздікке барса, басқалардан не күтуге болады" деп сынаған еді.