Елордада адам өлтірген азамат қоғамдық көлікке отырып, қаланың келесі жағына кетіп қалған
Күдікті өзі өлтірген адаммен жұрт көзінше төбелескен
Астанада 26 тамыз күні түстен кейін Уәлиханов көшесінде "Артем" сауда үйінің маңынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Елордалық полиция қызметкерлері кісі өлтірушіні іздеуге дереу кіріскен. Екі адамның төбелескені,бірі екіншісін жерге құлатып, пышақтап, қашып кеткені мәлім болды. Жәбірленуші сол жерде өмірден өтті.
Оқиға куәгерлері күдіктінің қашқан бағытын көрсетіп, көмектескен. Полиция қызметкерлері күдікті отырған автобусты анықтап, көп уақыт өтпей ұстады.
Күдікті уақышта изоляторға қамалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.