Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Гүлзира Айдарбекова өзін кемсітіп, Хюррем бола алмайсың дегендерге жауап берді (фото, видео)

Гүлзира Айдарбекова өзін кемсітіп, Хюррем бола алмайсың дегендерге жауап берді (фото, видео)
Ашық дереккөзі
Айдарбекова: Хюррем мықты бола тұра ханның көп қатынының бірі. Мен Нұрекемнің ханшайымымын

Продюсер Гүлзира Айдарбекова өзін Хюррем бола алмайсың деп жазған оқырмандарына жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекова туған күніне киген қызыл көйлегімен түскен видеосына Хюррем Сұлтанның дауысын қойып, тик-ток желісіне жүктеген. Бірақ оқырмандары мұны жай әзіл ретінде қабылдамаған көрінеді.

"Туған күніме киген қызыл көйлегімді, көмекшім жай өзіне түсіріп тұрғандай болып еді, кейін Хюрремнің дауысын қойып 2 ші салған видеоны жіберіпті. Қызық көріп тик-токқа “Әр әйел өз үйінің ханшайымы” деген тақырыпта салғанмын. Оқырмандардың көбісі жақсы пікір қалдырыпты, кейбірі Хюррем болу саған қайда депті. Негізі сол Хюррем болғым келіп армандап жүргенім жоқ. соның өміріне өз өмірімді ауыстырмас та едім. Алла әр пендесіне жеке өмір, жеке тағдыр жазған, біреудің өмірін сүру мен үшін арман да емес. Қанша мықты болса да, ханның пәлен қатынының бірі болғанымша, өз жанұямның шамшырағы, Нұрекеңнің ханшайымы болып жүре берейiншi",

-деді Айдарбекова.

Аяулым Изатқызы
Автор

Аяулым Изатқызы

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар