Бұланды мен Қарағайда оқушылар шаруашылық кеңседе оқуда мәжбүр
3 жыл бұрын құрылысы бастаған жаңа мектеп әлі салынып бітпеген
Ақмола облысының Бұланды, Қарағай елді мекендерінің оқушылары осы жылы тағы да орман шаруашылығының кеңсесінде оқиды деп хабарлады KYN.KZ тілшісі KTK каналына сілтеме жасап
Ауылдағы білім ордасының ғимаратын төрт жыл бұрын құлағалы тұр деп танып, балалардың оқуына тиым салынған. Апатты деп танылған мектеп ғимаратын жекеге сатып жіберген. Ауыл тұрғындарының ендігі үміті жаңа білім ордасы. Мемлекеттен 1млрд ақша бөлінсе де, 3 жыл бұрын құрылысын бастаған мектеп әлі балалардың оқуына берілмеді.
1 сыныпта 2 түрлі сабақ өтетін бұл жерде, ұстаздар сыбырлап, жәй сөйлеуге мәжбүр екенін айтты. Шарушалық кеңседе 7-8 бөлмеден басқа орын жоқ, спортзал тақырыбын қозғалмайды да екен.