Басты жаңалықтар

Алматыда бойжеткеннің жамбасынан шапалақпен бір ұрған мопед жүргізушісі қамауға алынды

Күдікті 2001 жылы туған азамат бірден ұсталды

Алматыда қызды қорлаған мопед жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

24 тамыз күні Наурызбай аудандық ПБ-на 25 жастағы қыз мопед мінген белгісіз ер адамның өзін қорлағанын айтып, арызданды.

Күдікті бірден анықталды. 2001 жылы туған М. есімді азамат ұсталды.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.