Басты жаңалықтар

Ақылды піл төбелестің ортасына түсіп, иесін құтқарып қалды

Басқа жақта жүрген піл иесінің таяқталып жатқанын сезіп, оқиға орнына кенеттен жетіп келген

Тайландта қожайынын құтқармақ болған ақылды піл желіде қызу талқыға түсті деп KYN.KZ Daily.mail сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Чиангмайда түсірілген видеода 17 жастағы пілдің қожайыны досынан әзіл ретінде өзіне шабуыл жасағанын сұрайды. Ол оған тап беріп, дереу қашып кетеді. Жануар жағдайды тез арада түсініп, қожайынының жанына жүгіріп келеді. Содан соң піл иесінің жанында біраз уақыт айналып жүріп, жарақаттанып қалмауын тексереді. Пілдер қожайындарына бауыр басып қала алады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша олар да көңілді, ашуланшақ, белсенді болып өз араларында бөлінеді.