Басты жаңалықтар

Темірторға жазықсыз қамалған көпбалалы ана үйіне оралған сәтте күйеуімен ажырасуға мәжбүр болған

Бибінұр Шералиева : түрме- бөлек әлем, бөлек ереже.

 Алматы қаласының Медеу ауданының "Бақытты отбасы" жобасының басқарушысы  Бибінұр Шералиева өз оқиғасымен Қыздар-ай бағдарламасында бөлісті деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі

Бибінұр Шералиева 3,5 жыл түрмеге "жалған ақша жасадың" деген айыппен отырғызылған. 5 айлық сәбиімен қыздары бар көп балалы ана басында сотқа кінәлі емес, оқиға куәгері болуға шақыруға барғанын жеткізді. Сол барған соңы, кінәлі болып түрмеде отырумен аяқталған.  Өз түрмеге түскенде балаларының жан-жаққа тарап кеткені қатты көңілін қынжылтқанын айтты.  Күйеуінің өзі түрмеге кезде балаға қарамай өзімен өз өмір сүргенін айтты.


Өзінің осыншама сынаққа сынбай, қайта жақсы өмір сүруге қайдан күш келіп жатқанын сұрағанда :

Түрмеден шыққан соң алғашқы ісі сатқыннан құтылып, күйеуіммен ажырастым деген Бибінұр үйін, балаларын қайтадан өз қарауына алып жайғастырады. Қазір өзі секілді көмекке мұқтаж әйелденге қол үшін созып, мәселесін шешіп берумен айналысады. 2013 жылы бостандыққа шыққан әйел қазіргі таңға дейін 30 мыңдай әйелге көмектескенін жасырмады. 

Түрме бөлек әлем, оның өз ережесі бар. Ол жақта оңай емес екендігін айтты.