Блогердің отбасылық іс-шарасында танымал жұлдыздар төбе көрсетті
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсауле Бақытбек әлеуметтік желідегі парақшасында қызы Сәттінің қырқынан шыққан сәтіндегі фото суреттерімен бөлісті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Блогердің отбасылық іс шарасында жұлдыздардан Баян Мақсатқызы мен әпкесі Аша Матай төбе көрсетті.
Әлеуметтік желідегі оқырмандары да блогердің қуанышына ортақтасып жылы лебіздерін арнап жатты.
Естеріңізге сала кетейік 2023 жылы 20 шілдеде Айсауле Бақытбек екінші рет ана атанған еді. Ал тұңғышы Сафияны 2022 жылы қантардың 17- сі күні дүниеге алып келді.
Келесі мақала