Нұржан Тілендиев: Қатын жанды болып барамын
Нұржан Тілендиев әйеліне сезімін білдірді
Танымал ысқақшы Нұржан Тілендиев әйеліне сезімін білдірген сәті, әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мақтаныш емес, бірақ асыл жар ғой, асыл жар. Өміріме осындай перзент сыйлаған адамға, әке-шешем кеткеннен кейін қатын жанды болып барамын. Олай емес енді. Жаным сен бұдан да жақсыға лайықтысың ғой",- деді әзілкеш.
Желі қолданушылары болса:"Жарайсыз, қандай жылы сөздер. Әрбір ер азамат жарына осындай жылы сөздерді жиі айтса, нұр үстіне нұр болар еді. Сонда отбасы берік болары сөзсіз", "Нұржан нағыз талантты актер, жанұясына қамқор екен. Алла разы болсын","Өте дұрыс айтады, бақытты болыңыздар",- деп ойларын ортаға салды.