1 қыркүйектен бастап жалақысы өсетін қызмет иелері айтылды
Дәрігер, тәрбиешілер мен педагогтардың жалақысы өседі.
Елімізде 1 қыркүйектеп бастап жалақысы жоғарылайтын қызмет иелері айтылды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі
Дәрігерлер мен тәрбиешілер, педагогтардың жалақысы өседі. Дәрігерлердің еңбекақысына түзету коэффициенті 2,73-тен 3,42-ге дейін, орта деңгейдегі медқызметкерлерде 2,05-тен 2,34-ке дейін өседі.
Ел президентінің тапсырмасымен 2020 жылғы қаңтардан 2023 жылғы қаңтарға дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ке өсті. Осы жылы өзгерістерге сай 1 қыркүйектен бастап 30%-ке өседі. Елімізде білім мекемесінде қызмет ететін 97 мың педагог бар. 1 қыркүйекте енген өзгеріске сай педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады.